Президентке Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары келіп түсті.

Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Вице-президент, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары және Президент Әкімшілігінің басшысы Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Палестина Президенті Махмұд Аббас және басқалары құттықтады.

Президенттің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтаған болатын.