Ал Бюлент Кенеш бұл айып орынсыз екенін, ол тек заңмен белгіленген сөз бостандығын пайдаланып сын айтқандығын алға тартты. Кеше Ыстамбұл полициясы бас редакторды жұмыс орнынан ұстап әкетті. Бүгін іс сотта қаралады деп жоспарлануда. «Түркияда журналистерді тұтқынға алудың бұл алғашқы оқиғасы емес. Тайып Ердоған президент болып сайланған өткен жылдың тамыз айынан бері жүздеген адамға «мемлекет басшысына тіл тигізді» деген айып тағылып, тергеу амалдары жүргізілген. Тіпті осы жаламен ағымдағы жылдың маусым айында Бюлент Кенешті 21 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылды», - деп хабарлайды 24.kz Today's Zaman газетіне сілтеме жасап.