Президентке Ұлттық банк, Самұрық-Қазынаның цифрлық шешімдері таныстырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына Жоғарғы сот пен Сот әкімшілігінің, Ұлттық банктің, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының цифрлық шешімдері таныстырылды

Мемлекеттік органдардың жетекшілері Президентке экономика салаларын және мемлекеттік басқаруды цифрлық тұрғыдан трансформациялау бойынша атқарылған жұмыс пен алдағы жоспар жөнінде мәлімет берді. 

Айта кетелік Президент Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуға тиіс екенін айтты