Президентке Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейінгі ахуал баяндалды
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады.
— Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды, — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, бүгін сағат 16:00 шамасында Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді.
Бұған дейін өңірде алғашқы жер сілкінісі 03:42–де тіркелгені белгілі болды. Есептелген қарқындылығы Меркі ауылында — 5.0 балл, Құлан ауылында — 4.0 балл, Шу
Табиғи апат салдарынан Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны анықталды.
Бұдан бөлек, үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап, бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді.
Сонымен қатар Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.
СІМ Таиландтағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтарға қатысты ақпаратты таратты.
Қазір Мьянмада төтенше жағдай жарияланды. Соңғы деректерге сәйкес Мьянмадағы жер сілкінісінен 50 адам қаза тауып, 300 адам жарақат алды.