деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауал қоюшылар еліміз мемлекеттік экология саясаты аясында не істейтінін білгісі келді. «Бұл өте маңызды сауал. Ол сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының күн тәртібіне шығарылған. Мыңжылдықты дамыту жөніндегі жоспарға дәл осы мәселе кірген. Біз де шетте қалып қалған жоқпыз. Мен Өскемен қаласындағы экологиялық мәселе ауыр екендігін ұмытқан жоқпын. Өткен жылы онда ауаны күкіртқышқыл газынан тазалау жөніндегі цех іске қосылды. Аталмыш зауыт барлық күкіртті жинап, күкірт қышқылына айналдырады, нәтижесінде атмосфераны ластау барынша төмендеді», - деді өз жауабында Елбасы.
«Қазір Алматыдан бастап ішінара биоэтанол енгізуді қарастырудамыз. Алматы Қазақстанның қазынасы, көрігі, барлығымыздың сүйікті қаламыз. Біз мұны естен шығармай, бұл қала үшін әрдайым жағдай жасап отырамыз. Дегенмен, бұл барлық қалаларға да қатысты айтылған ой. Барлық қолданылатын жаңа технологиялар тазалауға бағытталатын болады. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ауаның тазалығын сақтау жөніндегі компанияларға қойған талабы заманауи жаңа техникалар мен құрал-жабдықтарды алуды міндеттейді. Яғни, мұның барлығы техникалық прогреске әкеледі. Сондықтан, бұл орынды қойылған сұрақ. Біз барлығымыз бұл істі қолға алып, ал барлық атқарушы органдар оны бақылауы тиіс», - деп атап өтті Н.Назарбаев.