Президенттер Қазақстан мен Корея өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
АСТАНА. KAZINFORM - Бағдарлама аясында шетел композиторларының туындылары, әлемге әйгілі опералардан үзінділер орындалды. Сонымен қатар бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Концертте жеке орындаушылармен қатар, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының әртістері, «Бірлік», Korean Culture Leaders ансамбльдері өнер көрсетті.
Фото: Ақорда
Кешті Корея ресми делегациясының өкілдері және еліміздегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері де тамашалады.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.