Президентті келеке етушілер 14 жылға қамалуы мүмкін -Пәкістан

АСТАНА.    Шілденің 23-і.  ҚазАқпарат - Пәкістан  тұрғындарына мемлекет басшысын  келеке етуге тыйым  салынды.  Ел  Президенті Асиф  Әли   Зардари  жаңа  заң  қабылдады,

 ол заңға   сәйкес    мемлекет басшысының атына әзіл  айтқандарды 14 жыл  түрме күтіп  тұр.  ҚазАқпарат бұл туралы РТР-Вести.Ru   басылымына сілтеме  жасап хабарлайды.

 Блоктарда,  электрондық   хаттарда жарияланған  және телефон    хабарламаларында  айтылатын  Зардари  туралы  әзілдерге де тыйым  салынды.     Жазылған хабарларды  қарап,   әзілкештерді   іздеумен   және  оларды жазалаумен  Федеральдық  тексеру агенттігі айналысатын   болады.

 Пәкістан  басшысының   өзінің атына айтылатын    әзіл-қалжыңдарды  жүрегіне   жақын қабылдайтыны  баршаға  аян.  Ал  соңғы  жылдың ішінде  Президент  Әкімшілігінің  ресми поштасына  мемлекет басшысына тіл тигізетін   хаттар  көп түсе  бастады,  Зардаридің  шыдамы  таусылса керек.