Президентті ұлықтау күні Астанада 18 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтетін күні, яғни жұма, 8 сәуірде Астанада 18 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде.

Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі хабарлады.

«8 сәуір күні Астананың ауа райына антициклон ықпал етеді, күн жылы, жауын-шашын болмайды деп күтілуде. Түнгі температура 0-5 градус суық, кей жерлерде 3 градус жылы болады, күндіз 13-18 градусқа дейін жылы болады деп болжануда, оңтүстік батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықтағы жел соғады», - делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Президентті ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтеді.