деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараға Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығы, министрлер мен вице-министрлер, орталық және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, республикалық БАҚ басшылары және «Нұр Отан» партиясы мен өзге де бірқатар қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жиында Жолдау тақырыптары бойынша түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырудың негізгі әдістері талқыланып, әртүрлі әлеуметтік топтармен жұмыс жөніндегі ұсыныстар әзірленді. Ақпараттық жұмыстың, соның ішінде республикалық ақпараттық-насихаттық топтарының жұмыс жүргізу әдістері айқындалды. Нақтырақ айтқанда, ақпараттық-насихат жұмыстары барысында негізінен өндірістік кәсіпорындар мен ауылдық аймақтарға көңіл бөлу ұсынылды.
Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген - экономика, индустрияландыру, білім беру, әлеуметтік қорғау сияқты өзге де бірқатар салалар бойынша алдыға қойылған міндеттерді жүзеге асыру жөнінде түсініктемелер берілді. Семинарда Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев пен бірқатар министрлер мен саяси партия жетекшілері арнайы баяндама жасады.
Сондай-ақ Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Туризм және спорт министрліктерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Жолдауды іске асыру жөніндегі шаралар туралы нақты ақпараттар таратты. Жиын барысында оған қатысушыларға жергілікті жерлерде жұмыстар жүргізу үшін ақпараттық-әдістемелік материалдар табыс етілді. Енді Үкімет мүшелері жетекшілік ететін барлық үгіт-насихат топтары 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында арнайы сапарға шығады.
Ал жергілікті атқарушы органдарға көрнекі үгіт-насихат құралдарын әзірлеу кезінде бірыңғай стандартарды ұстану ұсынылды.