Президенттік мәдениет орталығында ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шариф қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесті

АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат /Кенжеболат Жолдыбай/ - Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шариф қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кездесу қайтадан құрылған Дін істері жөніндегі агенттікті таныстыру мақсатында өтті. Агенттік азаматтардың діни сенім еркіндігін қамтамасыз ету, діни бірлестіктер туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен рухани құндылығын нығайтуға көмектесетін іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүдделі екендігі аталып өтілді.

Діни экстремизимнің алдын алуға ерекше назар аударылатын болады.

Әрбір қазақстандық азамат таңдау еркіндігіне ие екені аталып өтілді. Сондай-ақ Агенттіктің төрағасы «Бір ұлт - бір дін» қағидасына негізделген шешім қабылдағанын атап өтті. Қайрат Лама Шарифтің ойынша, дәл осы қағида бізді біртұтас ұлт етеді және де ол басқарып отырған Агенттік осы негізде «Қазақстандағы ұстамды исламды дамыту туралы» тұжырымдаманы талдап жасайтын болады.