Президенттік мәдениет орталығында «Нұр Отан» ХДП 10 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шаралар өтеді
17:03, 12 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Сайлау Абылаев/ - ҚР Президенттік мәдениет орталығында «Нұр Отан» ХДП 10 жылдық мерейтойына арналған және мамырдың 15-інде өтетін «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезі қарсаңында бірқатар мәдени іс-шаралар өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айталық, бүгін Президенттік мәдениет орталығында халық аспаптары оркестрінің концерті болады, ал ертең ол орталық бишілері мен әншілерінің және «Шалқыма» би ансамблінің өнеріне жалғасады. Мамырдың 14-інде орталықтың Ұлттық дәстүрлер театры «Алпамыс» музыкалық-драмалық спектаклін ұсынады. Мамырдың 15-інде «Болат Сарыбаевтың музыкалық аспаптар коллекциясы» атты көрме салтанатты түрде ашылады. Сондай-ақ осы күндері «Президент және «Нұр Отан» партиясы» атты Орталық музей қорындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қорынан көрме және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына ? 10 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.