Қазақстан Республикасының құрама командасының қатарында жоғарғы салмақта (91 кг дейінгі салмақта) өнер көрсеткен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкінің әскери қызметшісі Ерсұлтан Бекенов жеңіс тұғырынан көрініп, Азия чемпионы атағына ие болды, длеп хабарлайды Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша Е. Бекенов кикбоксингтен спорт шебері мәртебесіне ие болды.