Президенттік резерв - Мемлекет басшысының жаңа формация басшыларын - көшбасшылар мен заманауи менеджерлерді құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында іске асырылып жатқан бірегей мемлекеттік жоба. Құқық қорғау органдары қызметкерлері Ұлттық қорғаныс университетінде өткен оқу курсы барысында басшылық лауазымдарға тағайындалу үшін қажетті кәсіби дағдыларын және басқарушылық біліктіліктерін арттырды.
Оқулардың аяқталуына орай өткен салтанатты шараға ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин, ҰҚУ басшысы генерал-майор Асхат Рыспаев және ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Наиль Ахметзәкіров қатысты.