«Қазақстандықтарға біздің Президентіміздің істері мен жоспарлары жақсы таныс. Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінің арқасында біз бүгінде тәуелсіз, экономикасы күшті, демократиялық жағынан қалыптасқан, өз көршілері мен бүкіл әлемдік қоғамдастықтың арасында құрметке бөленген мемлекеттік өмір сүріп отырмыз», - деп атап өтті ол.
М.Бортник сайлауға қол жеткізуге мүмкіндік беретін оң қырларды атады.
«Ең алдымен, экономикалық қиыншылықтарды ойдағыдай еңсеру, бізде оған барлық мүмкіндіктер бар. «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданды, индустрияландырудың екінші бесжылдығын орындау жалғасуда, жаңа жұмыс орындары ашылады. Экономикадағы дәйекті қадамдар қоғам алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді. Республика әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге сеніммен ілгері жылжып келеді. Ең бастысы - міне осының бәрі қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылыққа жәрдемдеседі, әрбір азаматқа біздің жолымыздағы қатерлерді ойдағыдай еңсеруімізге сенім ұялатады», деп атап көрсетті М.Бортник.