Президенттік сайлау ұлттық мереке форматында өтті - Саясаттанушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жолғы кезектен тыс президенттік сайлау ұлттық мереке түрінде өтті. Бұндай пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин айтты.

«Көптеген халықаралық және отандық сарапшылардың атап өтуінше, кеше аяқталған сайлау науқаны өзінің форматы бойынша ұлттық мерекеге ұқсас болды. Бұл жолғы президенттік сайлау өзінің маңызы мен форматы, жалпы ұлттық фоны тұрғысында 1991 жылғы бірінші президенттік сайлауға өте жақын екенін аңғартты. Сол кезде де ынтымақтың, азаматтар белсенділігінің, қоғам бірлігінің жоғары деңгейі байқалған еді»,-деді «Е. Қарин «Сайлау 2015: қорытындылар мен бағалаулар» атты сарапшылық форумда.

Осы орайда ол 1991 жылдағы бірінші президенттік сайлау елдің жаңа ұлттық трихын, мемлекеттіліктің жаңа кезеңін есептеудің нүктесі болғандығын атап өтті.

«Еліміз өзінің дамуының жаңа кезеңіне енгенін адамдар түсініп отыр. Біздің қоғам жаһандық қатерлер мен елдің алдында тұрған мақсаттар тұрғысында ағымдағы сәттің маңыздылығын ұғынды»,-деді Е. Қарин.

Айта кетейік, сарапшылық форум жұмысына танымал саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, сайлау үдерісінің мамандары қатысуда. Олар электоралдық науқанның қорытындысын талқылауда.