Сәл ертерек Словакия президенттігіне кандидат болған елдің Премьер-Министрі Роберт Фицо өзінің сайлауда жеңілгендігін мойындаған болатын.
А.Киско өзінің сайлауалды штабында баспасөз мәслихатын өткізіп, ол Словакияның барлық телеарналарында тікелей эфир арқылы көрсетілді. «Маған дауыстары мен қуатты президенттік мандат берген сайлаушыларға рахмет. Мен барлық словактардың президенті болуға уәде бердім, ол уәдемді орындайтын боламын. Мен біздің саясатымызды жақсартамын», - деп мәлімдеме жасады ол.
Словакия ОСК ақпаратына қарағанда, сайлау учаскелеріндегі 96,77 пайыз мәліметтер өңделгеннен кейін тәуелсіз кандидат, танымал словакиялық филантроп әрі кәсіпкер Андрей Кисканың сайлаушылардың 59,45 пайыз дауысын жинағандығы белгілі болды. Ал елдің Премьер-Министрі әрі Smer-SD социал-демократиялық партияның төрағасы Роберт Фицо 40,54 пайыз дауыс жинады.
Словакия ОСК президенттік сайлаудың екінші кезеңінің нәтижелерін бүгін күндіз ресми жария етеді деп күтілуде.