Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Министрліктен мәлім еткендей, шұғыл штабтар республиканың барлық өңірлерінде құрылып, жұмыс істей бастады.
2011 жылдың 25 наурызы мен 5 сәуірі аралығында сайлау учаскілерінде инспекторлық құрамның кезекшілігі ұйымдастырылды. ТЖМ-ның облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша департаменттерінің бөлімшелері күшейтілген жұмыс режіміне көшірілді.
«Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі» ММ облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша ТЖД-ның инженерлік-инспекторлық құрамымен бірлесіп 4117 шұғыл кәртішкелерді және 3482 сайлау учаскілеріндегі өрт сөндіру жоспарларын тексеріп шықты. Қосымша 1514 шұғыл кәртішкелер әзірленді.