«Сайлауға бүгінде ОСК 12 млрд теңге бөлу туралы өтінішхатты енгізді. Қазіргі кезде есептеулер жүргізілуде, яғни осы бағалаудың негізділігі тексерілуде. Оның қорытындысын қосымша хабарлаймыз», - деді Б. Шолпанқұлов Сенатта тілшілердің сауалына жауап бере отырып.
Оның сөзіне қарағанда, аталған қаржы сомасы азаюы мүмкін.
«Бөлінетін қаржы деңгейі төмендеуі ықтимал, оны есептеулер кезінде нақтылаймыз. Қаржының 70 пайызы сайлау округтерінде жұмыс істеуге тартылатын адамдардың еңбекақысы», - деді вице-министр.
«Егер де барлық есептеулер ұсынылса, біз екі күннің ішінде талдау жүргізіп, қортындысын жасауға дайынбыз. Өткен жылғы талқылау кезінде 2020 жылға 8,8 млрд теңге қарастырылған еді. Алайда ең төменгі еңбекақының артуына байланысты өсім болды», - деді Берік Шолпанқұлов.