Президенттік сайлауға қатысуға өтініш берген азаматтардың саны 19-ға жетті

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 3 сәуірге белгіленген кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысуға тағы екі азамат өтініш берді.

Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, өтініш берген азаматтар 1958 жылы туылған Мұрат Айтжанұлы Телібеков пен 1961 жылы туылған Біржан Жетіруұлы Ділмағамбет.

М.Телібеков - Қазақстанның мұсылмандар одағының көшбасшысы. Ал Б.Ділмағамбет - зейнеткер.

Осылайша кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысуға еліміз бойынша 19 азамат өтініш берді. Оның үшеуін ОСК мемлекеттік тілді еркін білмейтіндіктеріне байланысты кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Тағы 2 азамат өтініштерін қайтарып алды.