"Бүгiн партия бюросы съездiң өтетiн күнiн белгiлейдi. Съез барысында президенттiкке үмiткер кiм болатынын және оны қашан тағайындайтынымыз талқыланады. Оны осы аптада жиналатын делегаттар шешедi. Съез келесi аптада өтуi ықтимал. Әрине, бiзден кандидат болады. Бiрақ оның кiм болатынын әлi анықтаған жоқпыз. Бiздiң арамызда үмiткерлер көп, сондықтан iшiмiзде әлi iрiктеу болатыны анық", - дедi ол тiлшiлердiң сауалына жауап қайыру кезiнде.
"Бiз осынау саяси шараға қатыспасақ, саяси партия болмас едiк. Елдiң саяси өмiрiндегi елеулi оқиғадан тыс қалғымыз келмейдi. Себебi, партия өз қатарының бәсекеге қабiлеттiлiгiн анықтап, халықтың әлеуметтiк мәселелерiн шешуге атсалысуы тиiс. Өйткенi сайлауда мұндай мәселелер өте тиiмдi шешiлiп жатады. Бiздiң партия билiкке келуге талпынатын партия. Сайлау - партиямыздың бағдарламалық мақсаттарын орындауға мүмкiндiк бередi. Жоғары орынға үмiтiмiз бар. Бiзде бiрнеше кандидат бар. Сайлауда кандидат болатыны анық. Қазiр үмiткерлердiң атын айта алмаймын. Әзiрге 4 үмiткер бар", - деп атап өттi ол.