Бұл туралы ол бүгін Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға емтихан тапсырардың алдында журналистердің сауалдарына жауап беріп тұрып, мәлім етті.
«Мен бұл сайлауда жеңіп шығамын деп ойламаймын. Менің басты мақсатым - екінші орынға қол жеткізу. Осыған дейін көптеген журналистермен сұхбаттастым. Олар мен экологпын десем, «бізде Меліс Елеусізов деген эколог бар, ал сізді біз танымаймыз», - деген сыңайдағы намысқа тиетін әңгімелерді айтады. Мен экологиямен 20 жылдан бері айналысып келемін. Ғылым докторымын. Экология саласында жазған 22 кітабым бар», - деді кандидат.