Президенттік жастар кадр резервінің тағы төрт өкілі басшылық қызметке тағайындалды
«Президенттік жастар кадр резервінің тағы төрт өкілі басшылық лауазымға, атап айтсақ, Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы, Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы, сондай-ақ Қайрат Райымқұлов Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды», - деп жазды Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, Президенттік жастар кадр резерві жасақталғаннан бері барлығы 176 резервші жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінде 14 саяси қызметші, «А» корпусының өкілдері - 4, «Б» корпусының өкілдері - 87.
Сондай-ақ 36 резервші түрлі мемлекеттік органдар басшыларының штаттан тыс кеңесшілері лауазымына тағайындалды және консультативтік-кеңесші органдардың құрамына енгізілді.