Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, М. Дуамбеков екі беттен кем емес шығарма жазуда ойын сауатты жеткізді. Сөйлем құрауы да дұрыс. «Назар аударатын мәселе - шығармада тыныс белгілеріне қатысты және орфографиялық қателер кездесті. Соған қарамастан, кандидат жазба жұмысын жақсы жазды деп бағаланып отыр. Ал емтиханның екінші кезеңі, яғни мәтін оқуда М. Дуамбеков Мағжан Жұмабаевтың 3 өлеңін де жақсы оқыды. Көпшілік алдында да талапқа сай сөйлеп, өзінің ойын анық жеткізе алды. Әрине, мұнда да аздаған кемшіліктер болды. Соған қарамастан, ол өзінің мемлекеттік тілді жетік меңгергендігін көрсетті», - деді комиссия төрағасы.
14:08, 09 Ақпан 2011
Президенттікке кандидат М. Дуамбеков мемлекеттік тілді меңгергендігін дәлелдеді
АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Президенттікке кандидат Мұсағали Дуамбеков Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның сынынан сүрінбей өтті.