Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов журналистермен болған брифингте мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, кандидаттарда біршама қаржы пайда болған болуы керек, олар жарнама мәселесін мықтап қолға алмақ. «Алайда осы шараны жүзеге асырушы мекеме бұл жұмысты біршама ұзаққа созып жіберген сияқты. Біз таң атқалы осы іспен айналысып жатырмыз. Біз, әрине жеке меншік иелеріне қатал талап қоя алмаймыз. Дегенмен, біз оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сайлауалды үгіт-насихат шараларының уақытында атқарылуы тиістігіне көз жеткізуге тырысамыз. Бұл мәселені біз шеше аламыз деген ойдамын. Бәлкім жуық арада Астана мен Алматыда және бірқатар облыс орталықтарында аталмыш кандидаттардың жаңа билбордтары мен жарнамалары бой көтеріп те қалар»,-деді ОСК төрағасы.