«Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін бірден басталады және дауыс беру күні алдындағы күні 00-00 сағатқа дейін, яғни 8 маусым күні 00-00-ге дейін жалғасады», - деді К.Петров.
Оның айтуынша, «Сайлау туралы» ҚР заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының президентіне тіркелген кандидаттарға эфир және баспасөз бетінен орын беру төлемақысының мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлау мен жариялау сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін 5 күннен кешіктірілмей 2019 жылдың 5 мамырына дейін өткізуі тиіс.
Дауыс беру 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20-00-ге дейін болады. Дауыс беру аяқталған кезден бастап, яғни сағат 12-00-ден сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүргізіледі.