ОСК төрағасының сөзінше, саяси партиялардың еліміздің әр аймағында өкілдіктері бар. Олар өздері ұсынған кандидаттарға тиісті қол жинау үшін айтарлықтай жұмыс жасайды. Ал аймақтарда өкілдері жоқ, өзін-өзі ұсынған азаматтардың қол жинау мүмкіндіктері шектеулі болып отыр.
«Айталық, қазір Президенттікке үміткер Сәлім Өтен еліміздің небәрі 5 өңірінде ғана өзінің сенімді өкілдерін тіркеген. Ал қалған өңірлерде оның сенімді адамдары жоқ. Сондықтан, оның тиісті қолды қалай жинайтындығы белгісіз. Сондай-ақ Гүлдана Тоқпаеваның еліміздің бірде-бір өңірінде өкілі жоқ. Құрманғазы Рахметовтың 4 өңірде ғана сенімді өкілдері бар. Серік Сапарғалидың өкілдері еліміздің бір өңірінде ғана тіркелген. Соған қарамастан, үміткерлердің тиісті қол жинаулары үшін әлі де болса уақыттары бар»,-деді Қ. Тұрғанқұлов.