олар қол жинауға кірісті. Бұл туралы ОСК төрағасы бүгін кезекті мәжіліс барысында айтты.
Оның мәліметтеріне қарағанда, қол жинауды Президенттікке үміткердің сенім білдірген адамдары жүргізеді. «Өңірлерден келіп түскен ақпараттарға қарағанда, 23 ақпандағы жағдай бойынша, Президенттікке үміткер Мұсағали Дуамбековтың сенім білдірген адамдары еліміздің 13 өңірінде тіркелген. Ал үміткер Сәлім Өтеннің сенім білдірген адамдары әзірге 5 өңірде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Жамбыл Ахметбековтың адамдары еліміздің барлық 16 өңірінде қол жинаумен айналысуда. Ғани Қасымов пен Мелс Елеусізовтің өкілдері де қол жинауға белсене кірісті. Бұл кандидаттардың өкілдері еліміздің 15 өңірінде тіркелген. Атап өтетін мәселе, Ж.Ахметбеков пен Ғ.Қасымов және М.Елеусізов өздерін қолдайтын партиялардың филиалдары мен өкілдіктерін кеңінен пайдалануда. Ал өзге үміткерлер тарапынан әзірге белсенділік байқалмайды»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.