Президенттікке үміткер Қ.Маишев мемлекеттік тілден сынақ тапсыруға келмеді - ҚР ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Қайрат Маишев кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға сынақ тапсыру үшін келмеді.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті.

Айта кетейік, ҚР Президенттігіне үміткер Қайрат Маишев бүгін сағат 15.00-де мемлекеттік тілден сынақ тапсыруы тиіс болатын.