Ол сынақтың алғашқы кезеңінде «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы: тарихы мен бүгіні» тақырыбында 2 беттік шығарма жазу үстінде.
Үміткерге сынақ ережесін түсіндірген ҚР президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков: «Емтихан үш кезеңмен өтеді. Біріншісі, екі беттік жазба жұмысы. Оның тақырыбы алдын ала бекітілген. Оған уақыт жеткілікті беріледі. Егер 1 сағаттың ішінде үлгермей, бізден рұқсат сұрасаңыз, тағы 30 минут қосып береміз», - деді.
Комиссия төрағасы үміткер сынақтың 2-ші кезеңінде қазақ әдебиеті классиктерінің бірінің шығармасынан 3 баспа табақ мәтінді мәнерлеп оқитындығын еске салды.
«Үшіншісі еркін сұрақ. Бұл да алдын ала бекітілген тақырыптар. Соның ішінен бірін таңдап, дайындалуыңызға уақыт беріледі. Дайын болған соң сол таңдаған тақырыбыңыз төңірегінде 15 минут еркін сөйлейсіз», - деді М.Жолдасбеков.