Президенттікке үміткер жол апатына ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика президенттігіне үміткер Мария де Хесус Патрисио сәрсенбі күні жол-көлік апатынан зардап шекті. Ол бірнеше кеңесшісімен бірге мінген шағын автобус Оңтүстік Төменгі Калифорния Оңтүстік штатындағы тасжолдардың бірінде аударылып кеткен, деп хабарлайды ТАСС El Universal газетіне сілтеме жасап.

Жол апатында әйел кеңесші қаза тауып, тағы бір адам қатты жарақат алған. Патрисио авиациямен ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр тұрақты деп бағалануда. Жол-көлік оқиғасының себебі туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Мексикада президент сайлауы 2018 жылдың 1 шілдесінде өтеді.