«2-9 наурыз аралығында Орталық сайлау комиссиясына азаматтардан 14 өтініш келіп түсті. Олардың біреуі партия атынан, 13 адам өзін-өзі ұсынды. Тұрғын Сыздықов Қазақстан халықтық коммунистік партиясы атынан ұсынылған болатын», - деді ол.
Л.Сүлейменнің айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы қазіргі уақытта осы азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Сайлау» туралы заңына сәйкестігін тексеріп жатыр. Тиісті сұраныстар Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне жіберілді.
«ҚР президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін айқындайтын лингвистикалық комиссия өзі жұмысын тұрақты түрде атқарып жатыр. 2 азаматқа Сырғабаев Асқар Жорабайұлы мен Алдажанов Сайфолла Қалабайұлына мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген шешім шығарылды. 6 наурыз күні Қойшиева Лимана мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы анықтама алып, азаматтардың арасында өзін қолдау қолын жинауға кірісіп кетті», - деді ОСК мүшесі.
Айта кетейік, өзін-өзі ұсынғандар: 1. Сырғабаев Асқар Жорабайұлы; 2. Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы; 3. Қойшиева Лимана; 4. Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы; 5. Мырзашов Сухраб Аминжанұлы; 6. Үктешбаев Есенбек Жапарұлы; 7. Жунісбеков Якобжан; 8. Жұман Қайрат Тоқтарұлы; 9. Серғазин Ержан Мерекеұлы; 10. Маишев Қайрат Әлембайұлы; 11. Қайсаров Уәлихан Әбішұлы; 12. Естемесов Бахтияр Өксікбайұлы; 13. Турагелдиев Қанат Сбашұлы. Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды. Қазіргі уақытта кейбір үміткерлерге қатысты жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша төмендегі анықталды.Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы, Мырзашов Сухраб Аминжанұлы қырық жасқа толмаған, осыған байланысты оларды 2015 жылғы 6 наурызда ҚР ОСК қаулыларымен тіркеуден бас тартылды. Сонымен қатар, лингвистикалық комиссия қорытындысының негізінде ҚР ОСК Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде Сырғабаев Асқар Жорабайұлы мен Алдажанов Сафиолла Қалабайұлын тіркеуден бас тартты.