Оның атап өтуінше, үміткерлердің 18-і сайлауға өзін-өзі, екі үміткерді, атап айтқанда, Н.Назарбаевты «Нұр Отан» партиясы, ал Т.Сыздықовты Қазақстанның коммунистік халық партиясы ұсынған. Қазіргі уақытта олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексеріліп, кейбірі лингистикалық комиссияға сынақ тапсыру үстінде.«8 үміткерді тіркеуден бас тартылды. Олардың 2-еуінің жасы Конституцияға сәйкес сайлауға түсу жасына толмаған. 6-ауы лингвистикалық комиссия сынағын тапсыра алмады. 4 адам лингвистикалық комиссия сынағын тапсырды. Олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексерілді. Олар қазіргі уақытта сенімді тұлғаларын тіркеп, қол жинау жұмысымен айналысуда», - деді В.Фосс. Оның атап өтуінше, бүгін М.Телебеков, Ә.Құсайынов, С.Мұқаш және Асылбек Амантай Орталық сайлау комиссиясына келіп, президенттікке үміткер ретінде тіркелген.
15:21, 12 Наурыз 2015
Президенттікке үміткерлер саны 21 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президенттік сайлауға үміткер ретінде 4 адам тіркелді. Бүгінгі күні үміткерлер саны 21 адамға жетті, деп мәлім етті ОСК Төрағасының орынбасары Владимир Фосс.