«Бұл сайлауалды науқаны дау-жанжалсыз өте тыныш өтті. Кандидаттар бір-бірін жамандап, қаралаған жоқ. Эфир уақытын бөлу туралы да ешқандай дау болған жоқ. Сайлаушылар тарапынан да ешқандай арыз-шағым айтылмады. Штабтардың сайлаушылармен кездесуі барысында қандай да бір арандатушылық оқиғалар тіркелмеді», - деді М. Шибұтов.
Ол сайлауалды науқанының бұлайша тыныш өтуіне бірнеше себептің барын жеткізді.
«Өйткені, біріншіден, сайлаушылардың саяси сауаттылығы артып келеді. Екіншіден, жаңа технологиялардың арқасында дау-жандалды жасырып қалу мүмкін емес. Бірден белгілі болады. Үшіншіден кандидаттар әр түрлі әлеуметтік және идеологиялық топтарға арқа сүйеп отыр. Сондықтан, олар бір алаңда кездесіп жатқан жоқ», - деді сарапшы.