Бұл туралы бүгін лингвистикалық комиссияның жұмысын қорытындылаған аталмыш комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Г.Тоқбаева үш кезеңнен тұратын емтиханның бірінші кезеңіндегі жазба жұмысты «Ер есімі, ел есінде» атты тақырыпта жазған. «Үміткердің жазба жұмысыy орташа деп бағаладық. Әріп қателері - 3, тыныс белгілері - 5, стильдік 2 қате жіберді. Барлығы 10 қате. Екінші кезеңде Мұхтар Әуезовтң «Абай жолы» романынан үзінді оқыды. Оқуы орташа, кітапты күнде оқымайтыны көрініп тұр. Кейбір сөздерді аяғына дейін жеткізе алмай отырды. Үшінші кезең бойынша «Мен жастарға сенемін», деген тақырыпта сөйледі. Оны көбіне ауызекі сөйлеу тілімен баяндап берді. Дегенмен үміткердің қазақ тілді екендігі байқалады. Ол мемлекеттік тілде еркін сөйлей де, жаза да алады. Сондықтан осының барлығын ескере біз Г.Тоқбаева қазақ тілін еркін меңгерген деген қорытындыға келдік», - деді М.Жолдасбеков.
Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының 57 жастағы тұрғыны Гүлдана Тоқбаева уақытша жұмыссыз.