Астана қаласының 48 жастағы тұрғыны Қанат Есжанов уақытша жұмыссыз. Ол кезектен тыс сайлауға өзін-өзі ұсыну жолымен келіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, лингвистикалық комиссия Президенттікке үміткерлерден емтиханды 3 түрлі деңгей бойынша алады. Біріншіден, үміткер 2 беттен кем емес шығарма жазуы керек. Екіншіден, қазақ классиктерінің шығармаларынан үзінді оқиды. Үшінші кезең бойынша белгілі бір тақырыпта көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін көрсетеді.