«Кеше Президент Қазақстандағы алғашқы «Макдоналдс» мейрамханасына барды. Кейбір адамдарды Мемлекет басшысының онда баруы қазақстандықтарды фастфудпен тамақтануға шақыру болып табылмай ма деген сауал мазалайды. Бұл мәселені қалай түсіндіре аласыз?», деген сауалға: «бұлай ойлау негізсіз. Тамақтану - ең алдымен адамның өз талғамына байланысты. «Макдоналдстың» ашылуы қазақстандықтар күткен оқиға екенін жоққа шығаруға болмайды»,-деп жауап берді.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Елбасының «Макдоналдс»» мейрамханасына баруының себептеріне тоқталып өтті. «Біріншіден, болашақта желілер жүйесі шамамен 20 мың азаматты жұмыспен қамтамасыз етеді. Екіншіден, «Макдоналдс» өнімдерінің 70-80 пайызы жергілікті өнімдерден жасалады. Және үшіншіден, инвесторлар жаңа нарыққа шықпас бұрын жиі түрде онда әлемдік брендтердің бар болуын зерттейді, және «Макдоналдс» бұл тізімде соңғы орында емес. Соның арқасында олар нарықтың әлеуеті, азаматтардың сатып алу қабілеті және тіпті елдегі жалпы экономикалық жағдай туралы бастапқы көзқарасты қалыптастырады.
Сондықтан кешегі оқиға - бұл Президенттің шетелдік инвесторларды Қазақстанға өз қаржысын салуға шақыру».