«Төтенше жағдайдың енгізілуінен зардап шеккен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша 4 маусымға дейін кәсіпкерлер
494,4 млрд теңге сомасына 2 041 өтінім берді. Оларға 197,6 млрд теңгеге 1 467 қарыз берілді. Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 5 маусымдағы жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 305,1 млрд теңгеге 526 өтінім қабылданды. 210,4 млрд теңге сомасына 422 қарыз берілді», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.
Ұлттық банк төрағасы сонымен қатар «7-20-25» бағдарламасы бойынша 216,5 млрд теңгеге 18 769 өтінім мақұлданғанын, оның ішінде 183,9 млрд теңгеге 15 556 қарыз берілгенін жеткізді.
«Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы бойынша 4 маусымда 244,4 млрд теңге сомаға 29 324 өтініш мақұлданды. 198 млрд теңгеге 24 277 ипотека несиесі берілді», - деп түйді Ерболат Досаев.