Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Арменияға барды.
Қ.Тоқаевты «Двин» кешенінде Армения Премьер-министрі Никол Пашинян қарсы алды.Кейін Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.
Жоспарланған ротация аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетовті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдады.