Президенттің Маңғыстау өңіріне сапарынан видео жарияланды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапарынан видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ-1 Telegram-каналына сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.

Облыс жұртшылығымен кездесуде бірқатар мәселелер көтерілді.

Президент Ақтаудағы тұрғын үйлерді жаңғыртудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді, мектеп тапшылығын үш жылда шешуді, Ақтауда аурухана мен жедел жәрдем станциясын салуды тапсырды.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев Маңғыстау өңірін жан-жақты өркендету жолдарын айтып, облыс әлемдік деңгейдегі көлік-транзит торабына айналатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Бекет ата жерасты мешітіне барып, зиярат етті.