«Барша әлемде дағдарыс қанат жайып жатыр. Сонымен қатар, саяси мәселелер бойынша кейбір мемлекеттердегі жағдайлар да қосымша қиындықтарды туындатуда. Кешегі Елбасының Жарлығын біз толықтай қолдаймыз. Бір апта бойы сұхбаттар жасап, пікір алмасулар жүргіздік. Сонымен қатар осы сайлауға қатысты Мемлекет басшысы кеше жасаған үндеуінде барлық мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндіріп жеткізді»,-деп тоқталды Ә. Құсайынов.
Осы орайда Кәсіподақтар федерациясының төрағасы ең бастысы бүгінгі ахуалды ескере отырып, әр салада сауатты әрі еліміздің мүддесіне берілген кандидаттар Мәжіліске келуі керек екенін атап өтті.
«Сондықтан саяси партиялар қазіргі жағдайды түсіне отырып, өте дұрыс бастама көтерді»,-деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Мәжіліс депутаттары ҚР Президентіне Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс сайлау тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастамамен жүгінді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.