Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда Кувейттің Тақ мұрагерімен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.
Президент Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне қатысып, сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттері» саммитін тарихи кездесуге балады. Содан соң, Шығанақ елдері – көптеген негізгі бағыттар бойынша біздің ең маңызды серіктесіміз екенін айтты.