ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУДАҒЫ ҮКІМЕТТІҢ СӘТСІЗДІКТЕРІ: Министрлер кабинеті Елбасы алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін белсенді іс-қимылдарды қабылдаған жоқ -А. Соловьева

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысы алға қойған мақсат-міндеттерге қол жеткізу үшін белсенді іс-қимылдарды қабылдаған жоқ.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева мәлім етті.

Депутаттың сөзіне қарағанда, Қазақстан Үкіметі Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұр Отан» партиясының Доктринасында атап өткен бағыт-бағдарының аясында жұмысын жандандыруы тиіс.

«Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қабылданған шалаларда белсенді іс-қимыл байқалмады және Үкімет тарапынан анық жауаптарды естіген жоқпыз»,-дейді А. Соловьева.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар салалар бойынша Министрлер кабинетінің атқарып жатқан жұмыстарын сынға алып, тиісті тапсырмалар берген болатын.