Президенттің Үкіметке сенімін толығымен ақтауымыз керек – Асқар Мамин

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер инвестициялар тарту бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізуі керектігін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚРПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын және жалпы экономиканыжақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы атапөткендей, Үкіметтің қазіргі және алдағы басты міндеттері халықтың өмір сүрусапасы мен табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестициялар тартуғанегізделген. Барлық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен әкімдіктеринвестициялар тарту бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізуі тиіс», - деді А.Мамин Үкімет отырысында.

Оныңайтуынша, осы ретте мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қабылданып,инвестициялық ахуалды жақсарту қажет.

«Әлеуметтіксаланы дамыту мақсатында бірқатар нақты шаралар қолға алынды. Соның ішіндемұқтаж адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетудің нақты әрі ашық рәсімдерібелгіленеді. Білім беру саласында білім және ғылымды толығымен қаржыландырубойынша іс-қимыл жоспары әзірленеді»,-деді Премьер-Министр.

Соныменқатар Үкімет басшысы Президенттің тапсырмаларын орындауға арналған жоспардысапалы іске асыру керектігін тапсырды.

«ПрезидентҮкімет жұмысына сенім білдіріп, Үкімет пен әкімдіктер алдына маңызы үлкенміндеттер қойды. Бұл - үлкенжауапкершілік. Сондықтан біз осы сенімді толығымен ақтауымыз керек. Мемлекетбасшысының барлық тапсырмаларын орындау мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарыәзірленді. Жоспарды толықтай әрі сапалы орындауымыз керек», - деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар