Бүгін Түркістан қаласында «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты ҚР Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Ертегілер мен мультфильм кейіпкерлері балалардың көңіл-күйін көтеріп, театрландырылған қойылымдар сахналанды. Жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды балаларды мерекемен құттықтады.
«Мемлекет басшысы өз сөзінде – ұрпақтың болашағына баса мән беретіндігін, жастарға зор үміт артып, жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көретінін жеткізді. Бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді», – деді өңір басшысы.
Мерекелік шарада әуелеген ән, мың бұралған бишілер балаларға ерекше әсер сыйлады. Балаларға мерекелік арнайы сыйлықтар үлестіріліп, шара жоғары деңгейде аталып өтілді.
Айта кетейік, ағымдағы жылы денсаулық сақтау мекемелерінде 1602 бала арнайы оңалту емін, 3892 бала сауықтыру емін қабылдаған. Республикалық оңалту орталықтарында 507 балаға орын берілген. Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде әлеуметтік жағдайына байланысты 22 324 бала бюджет есебінен тегін демалды.
Балалар үшін музейлерге, кітапханалар мен театрларға тегін жолдамалар берілуде