Президенттің арнаулы әдеби сыйлығына ие болған жас авторлар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттің арнаулы әдеби сыйлығын беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттің арнаулы әдеби сыйлығы:
«Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;
«Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;
«Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;
«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.
Айта кетелік кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстаған еді.