Президент Телерадиокешені – Қазақстандағы ең ірі медиа-компаниялардың бірі, оның құрамына: Jibek Joly, Silk Way, Silk Way Cinema телеарналары, Қазақстандағы ең үлкен Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі және Деректі фильмдер орталығы кіреді.
Телерадиокешені ұжымы жұмысының алғашқы күнінен бастап Мемлекет басшысының қызметін ауқымды ақпараттық қамтамасыз ету, реформалардың жүзеге асырылу барысы, Президенттің бастамалары мен тапсырмалары туралы қоғамдық-саяси контент дайындауға кірісті.
Мемлекет басшысының қызметіне қатысты ақпаратты жалғыз жеткізуші бола отырып, ПТРК өз өнімдерінің желісін үнемі кеңейтіп отырады. Олардың қатарында деректі фильмдер, қысқаметражды фильмдер, бейнероликтер, сондай-ақ қоғамдық-саяси маңызы бар бағдарламалар бар.
Мәселен, Мемлекет басшысының өңірлерді қалпына келтіру және биылғы көктемде болған ауқымды су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға келтірілген шығынның орнын толтыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы «Серт» деректі фильмі түсірілді. Фильмді Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадио кешенінің YouTube-каналынан көруге болады.
Сонымен қатар, қыркүйек айында ТРК мобильді форматта түсірілген Қазақстандағы тұңғыш деректі фильм – «Палуан қыз: Зарина Сарипованың жеңіс жолы» фильмінің тұсаукесері болды.
ТРК - Тәуелсіздігіміздің даму тарихының шежіресі – бірегей бейнемұрағаттың авторлық құқық иесі.
Соңғы бірнеше жылда телерадиокешені қазақстандық және шетелдік аудиторияға контентті өндіру мен жеткізудің толық циклі бар тігінен біріктірілген телерадио компанияға айналды.
Сонымен қатар, ПТРК озық халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, трансформация бағдарламасына ықшам редакция негізінде конвергентті журналистика қағидаттарын енгізу жобасын енгізді, мұнда журналистер редакторлар, мобилографтар және бейнередакторлар дағдыларына ие көп тапсырмалы кәсіпқойға айналады.