Оның айтуынша, сапар Астана мен Кабул арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға, бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндіктерін талқылауға және алдағы жоғары деңгейдегі сапарларға дайындыққа бағытталған.
– Бағдарлама аясында Ауған үкіметінің өкілдерімен екіжақты өзара іс-қимыл, өңірлік тұрақтылық және көлік-логистикалық байланыстарды дамыту мәселелері бойынша келіссөздер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ Балх және Қандағар провинцияларының басшылығымен өңірлік ынтымақтастықтың практикалық аспектілері қарастырылады, – деді Айбек Смадияров министрлікте өткен апталық брифингіде.
Бұған дейін министрлік өкілі Тайланд пен Камбоджа шекарасындағы қарулы қақтығыстар курорттық аймақтардан алыс жерде болып жатқанын айтқан еді.
Сондай-ақ, Еуропаға виза режимін жеңілдету бойынша келіссөздің екінші раунды Астанада өтеді.