— Құрметті әріптестер! БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысының 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталды. Жекелеген журналистер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады. Ерекше ескерерлік жайт, үміткерлерден 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Құжаттарды 2026 жылғы 10 маусымға дейін өткізуге болады, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Польша Республикасының аумағында тұтқындалған Қазақстан азаматы 2023 жылдың 28 сәуірінде бостандыққа шыққанын жаздық. Бұл нәтиже Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдегі отандастардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған тұрақты жұмысының нәтижесінде қол жеткізілгені хабарланды.