Президенттің БРИКС саммитіндегі сөзін қайдан және қашан көруге болады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС+»/«аутрич» форматындағы жиынында сөз сөйлейді. Президенттің баяндамасы 24KZ телеарнасынан шамамен сағат 15:00-де тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барған болатын.

Мемлекет басшысы БРИКС саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді.

ҚР Президенті және өзге БРИКС саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.