«Бүгін біз Ташкентке «Жадидтер: ұлттық бірегейлік, тәуелсіздік және мемлекеттілік идеялары» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысу үшін келген ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібаймен кездестік. Орталық Азия жадидтерінің ел халықтарын біріктірудегі рөлі, олардың жасампаздығы мен аймақтың жалпы дамуына қосқан үлесі туралы пікір алмастық. Біз Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы барлық саладағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселелерін егжей-тегжейлі талқыладық», - деді Саида Мирзиеева.